ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимиадалық резерв спорт мектебі» КММ
Өскемен қ.,
Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41

Мемлекеттік құрылы

Мемлекеттік құрылғысы

Қазақстан Республикасы

 

  • Географиясы 
  • Тарихы
  • Мемлекеттік құрылғысы
  • ҚР мемлекеттік символдары
  • Қазақстан Республикасының Гимні
  • ҚР Президентінің Жолдауы
  • Коррупцияға қарсы
  • Діни экстремизмге қарсы іс-әрекеттер

 

 

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Конституцияға сәйкес – зиялы қоғам.  30 тамыз 1995 жылғы бүкіл халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті  заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілдік органы болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы

 

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген      Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде    мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық  қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын   алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы   жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге  ала отырып   осы Конституцияны қабылдаймыз.

 

Конституцияның преамбуласы

 

Қазақстан Республикасының Президенті

 

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.  Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.  Президент конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізіндегі  жасырын дауыс беру кезінде 7 жыл мерзімге сайланады.

 

Қазақстан  Республикасының Парламенті

 

Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

 

Сенат  әкімшілік бірліктердің өкілдік органдарының депутаттарының бірлескен отырысында  сайланатын әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сайлау жанама сайлау құқығы негізіндегі жасырын дауыс беру кезінде  жүзеге асырылады. Сайланған депутаттардың жартысы әрбір екі жылда қайтадан сайланып отырады. Сенаттың жеті депутатын Республика Президенті Сенаттың құзырлық ету мерзіміне тағайындайды. Соңғы шақырылым 19 қыркүйек 2004 жылы  сайланды.

 

Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады.  Алпыс жеті депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бөліну есебімен құрылатын бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша  сайланады.Он депутат тепе-тең өкілдік жүйесі және біртұтас жалпы ұлттық сайлау округтерінің аумақтары бойынша партия тізімі негізінде сайланады. Депутаттарды сайлау жалпыға ортақ, тең және тікелей сайлау құқығы негізіндегі жасырын дауыс беру кезінде жүзеге асырылады.

Парламент Қазақстан Республикасының заң түріндегі заң актілерін,  Республиканың барлық аумағында міндетті күші бар Парламенттің, сенаттың және Мәжілістің қаулыларын қабылдайды.

Парламен депутаты Қазақстан халқына адал болуға ант береді. Сенат депутаттарының  өкілеттік ету мерзімі алты жыл, Мәжілістікі – бес жыл.

 

Қазақстан Республикасындағы соттар мен сот төрелігі

 

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады (Конституцияның 75 бабы).
Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады. 2001 жылы Экономикалық сот құрылды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады,  іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды.
Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы,  75, 81, 82 баптары.

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі

 

Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің  және Парламенттің алдында жауапты.
Оның құрамына Премьер-Министр, оның орынбасарлары, министрлер, атқарушы өкіметтің бірқатар басқа да орталық органдарының   басшылары кіреді. Үкіметтің мүшелері Қазақстан халқына және Президентіне  адал болуға ант береді.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясының 64,65 баптары.

 

Қазақстан Республикасының  жергілікті басқару және өзін-өзі басқару

 

Жергілікті мемлекеттік басқаруды өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады. Маслихаттарды жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге халық сайлайды. Атқарушы органдары Республиканың атқарушы органдарының біртұтас  жүйесіне кіреді. Оларды әкімдер – еліміздің Президенті мен Парламентінің өкілдері  басқарады Оларды Президент тағайындайды. Жергілікті деңгейдегі мәселелерді халық өздіктерімен шешулері үшін  жергілікті өзін-өзі  басқару мойындалады.

070015, Қазақстан спорты, ШҚО, Өскемен қ, Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41
Яндекс.Метрика
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН / 2024
САЙТТЫ ДАЙЫНДАҒАН MSTUDIO.kz

×