ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимиадалық резерв спорт мектебі» КММ
Өскемен қ.,
Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41

ҚР Тарихы

Синхронды жүзу алғашында су балеті ретінде Канадада 1920-шы жылдары пайда болды. Келесі онжылдықта ол АҚШ таралды. Синхронды жүзудегі көрсетілімдер Олимпияда ойындарында  1948 жылы пайда болған және одан кейін жиырма жыл бойынша сол күйінде қалған болатын. Тек 1984 жылы  Лос-Анджелестегі ойындарда  олар спорттың олимпияда ойындарының түрі ретінде  толық құқылы статучын алды: онда жалғыздан және екеуден жарыстар ұсынылған еді.

 Синхронды жүзу — суда музыканың қолдауымен суда әртүрлі фигураларды орындауға байланысты спорттың судағы түрі. Синхронды жүзу – спорттың барлық түрінің ішіндегі  ең нәзік және әдемі түрі. Бірақ та, соншалықты жеңіл болып  көрінгенімен, оған қойылатын талаптар жоғары – спортшыларға түсетін күштің жоғарылығына қарамастан, олар шыдамды, сонымен бірге икемді, көркі келісімді, шеберліктері соншалықты шыңдалған және тыныс алуын бақылай алатындай болуы керек. 2012 жылғы Жазғы Олимпияда ойындары тамыздың 5-нен 10-на дейін өтті. Онла награда жиынтығы (дуэттер мен топтар жарыстарында) ойнатылды.

 

Синхронды жүзу – бұл суда музыканың қолдауымен әртүрлі қозғалыстарды орындау, фигураларды жасау және элементтерді орындау. Бастапқыда  бұл спорт түрі судағы балет деп аталды. Жалғыздан, жұптасқан және топтық синхронды жүзулер болды. 2000 жылғы Олимпияда ойындары бағдарламасында теқ қана жұптасқан және топтық жүзулер қана қалды. Спорттың бұл түрі Олимпияда ойындарының бағдарламасына кіреді.

 Синхронды жүзуге арналған бассейн

Ұзындығы 10  және ені 3 метр 2 аймақ пайдаланылады. Әрбір аймақ ұзындығы 10 метр  бассейннің қабырғасына жақын және бортынан 1,5 м орналасқан. Осы аймақтардың біреуінің тереңдігі 3 м, ал екіншісінікі – 2,5 м. Синхронды жүзу бойынша жарыстардың  еркін бағдарламасы үшін ең кішкентай аймақтың тереңдігі 2,5 метрден кем емес,  мөлшері 12х25 метр, айқындалған бөлігі 12х12 метр болуы керек. Қалған аймақтың тереңдігі 1,8 метр.

Синхронды жүзу бойынша Олимпияда ойындарында және Әлем чемпионаттарында ең кішкентай аймағы 20х30 метр болатын, құрамында  тереңдігі 3 метр мөлшері 12х12 метр аймақ кіруі керек. 3-тен 2,5-ға дейінгі тереңдігі 8 метр қашықтықта болуы керек. Температурасы 26ºС төмен болмауы керек (рауалы ауытқушылығы – плюс/минус 1 градус).

Қазіргі уақытта синхронды жүзу бойынша жарыстардың құрамына міндетті, еркін және техникалық бағдарламалар кіреді. Еркін бағдарламаға бағдарламаның төрт түрі: соло, дуэт, топ (4-8  адам) және жиынтықталған бағдарлама ( 10 адамға дейін); техническалық бағдарлама – үшеуі: соло, дуэт, топ кіреді.

 Спорттық бағдарлама

Жарыстар техникалық (міндетті) және ұзақ (еркін) бағдарламалардан тұрады. Бірінші жағдайда спортшылар белгіленген тәртіпте нақты бір элементтерді орындайды. Ұзақ бағдарламада  музыкалық немесе хореографиялық композицияларға ешқандай шектеулер жоқ. Синхронды жүзудегі бағалар мәнерлеп сырғанаудағы бағалауларға ұқсас келеді (ескі төрешілік). Спортшылардың әрекеттерін бағалайтын жюри  төрешілердің әрбіреуі бес адамнан тұратын екі тобын құрайды: бір топ бағдарламаны орындау техникасын, ал екіншісі – артистілігін бағалайды. Жюридің әрбір мүшесінің қоятын ең жоғары балы он баллға тең болады.

  1. ЕРКІН БАҒДАРЛАМА

Еркін бағдарлама дуэттер мен командалар үшін 4 минутқа созылады.

Көрсетілімдердің ұзақтығы жас категориясына және бағдарламаның түріне қарай 2 минуттан 4 минут 30 секундқа дейін жалғасады. Нақты бір жарыстардың бағдарламасы оның деңгейіне қарай анықталады және еркін, міндетті  және техникалық бағдарламаларды әртүрлі біріктіруден тұруы мүмкін.

  1. ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
    Бағдарламаның әрбір элементін орындауға дуэттерге 20 секунд, командаларға 50 секунд беріледі.

ОРЫНДАУҒА ДАЙЫНДЫҚ (бастапқы қалпы)

Барлық бағдарламаны орындау кезінде қатысушыларға бастапқы қалыпқа келу үшін 10 секун беріледі. Бұл төрешілерге де және көрермендерге де көрсетілімнен нені тосуға болатыны туралы түсінік және алғашқы жақсы әсер береді

 Жас топтары

әйелдер– 2000 жылы туғандар және одан үлкендер;

жасөспірімдер (15–18 жас) 1997 – 2000 жылы туғандар;

қыздар (13–15 жас) 2000 – 2002 жылы туғандар;

қыздар (13 жасқа дейінгі) – 2003 жылы туғандар және одан жастар.

 

 

 

070015, Қазақстан спорты, ШҚО, Өскемен қ, Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41
Яндекс.Метрика
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН / 2021
САЙТТЫ ДАЙЫНДАҒАН MSTUDIO.kz

×