ТАРИХЫ
1947 жылы жазда қазақстандық суға секірушілер алғаш рет Львовта өткен бүкілодақтық студенттердің жарысына қатысты Содан кейінгі жылдары көптеген қабілетті секірушілер тобы айқындалды:Д. Каракай, В. Шепот, М. Скоробогатов, Т. Овчинников және т.б. Олар ұдайы барлық жарыстарға қатысып жүрді. Суға секірудің әрі қарай дамуына және спортшылардың шеберлігін шыңдауға Қазақстан және Орта Азия республикаларының салтты спартакиадалары, сонымен қатар барлық қазақстандық спартакиадалар мен чемпионаттар үлкен рөл атқарды. 1950-60 жылдары Суға секірудің техникаларының айқындалуы және жетілуі, қысқы жүзу бассейндерінің жетіспеушілігі жағдайында секірушілермен оқу-жаттығу жұмыстарының әдістемелері мен қаражаттарын іздестіру жылдары болды. 1952 жылы ҚазДТИ жүзу кафедрасы суға секірушілермен оқу жұмысында «құрғақ» трамплинді қолдану әдістемесін дайындады. Бұл әдістеме қазургі уақытта кеңінен қолданылады. Алғашқы қысқы жүзу бассейні Қарағанды қаласында 1957 жылы ашылды. Бұл спортшылардың жыл бойында оқу-спорттық дайындықтары үшін жағдай жасады, бұл көп уақыт өтпей олардың шеберліктері деңгейінің көтерілуіне әсерін тигізді.1957 жылы секірушілердің қазақстандық делегациясы бірінші рет Рига қаласындағы Мектеп оқушыларының спартакиадасына қатысты. Құрамында: А. Жданов, Я. Семенов, Ю. Жиленко, Л. Воробьева, Г. Михеева, А. Скиба, С. Жданов, Н. Сухин. СССР құрама командасының мүшелері Т. Бадрызловжәне В.Шалюгинболды. Әртүрлі жылдары СССР жасөспірімдер құрама командасының резервіне: ХДСШ Д. Бондаренко, И. Бондаренко, МС Л. Оленев, С. Новиков, Е. Балдин кірді. Д. Бондаренко, И. Бондаренко, А. Семитов, Н. Орлов Азияның Ересектер Чемпионы және жүлдегерлері болды. Республиканың құрама командасы жас және қабілетті секірушілермен – Ю. Зеленин, О. Мусин, Н. Кравцова және т.б. толықты. 1961 жылы Москвада 1961 жылғы Жазғы кәсіподақ спартакиадасында құрамында: Г. Михеева, А. Скиба (Алматы), Н. Кравцова, Ю. Зеленин, В. Волжин, О. Мусин (Қарағанды), В. Булгаков (Шымкент) бар Қазақстанның командасы алдына Москва, С-Петербурга, РФ және Украина командаларын жіберіп, 5-ші орынды жеңіп алды. Бұл қазақстандықтар үшін үлкен жеңіс болды. 1963 жылы алда жауапты жарыстар тұрды – СССР халықтарының ІІІ спартакиадасы. Онда біздің секірушілер қатал емтиханнан абыроймен шықты, командалық 6-ші орынды алды. Одан кейінгі жылдары федерацияның, жаттықтырушылардың және спортшылардың күші жетекші секірушілердің спорттық шеберліктерін әрі қарай жетілдіруге, БЖСП құру және нығайту, жас спортшыларды дайындауға жұмсалды. Алматыда Республикалық ЖСШМ ұйымдастырылады, Суға секірушілермен оқу-спорт жұмыстары ДСО “Б”, “Д”, “Е”, “Л” және “С” жүргізіледі. 1970 жылы Ю. Гришин СССР кубогын жеңіп алды. Осы жылы В. Тощенко, ал 1974 жылы А. Гендриксон СССР чемпиондары болды. Б. Еньшин бірнеше рет бүкілодақтық жарыстарда жеңіпаз болды. 1972 жылы С. Санджиев және В. Хатченко жасөспірімдер арасында әлемнің ПП болды, 1998 жылы И. Выгузова Әлем кубогының иегері атанды.
Суға секіруден жарыстарды Халықаралық әуесқой суға секірушілер федерациясы (FINA) өткізеді. Суға секіру Спорттың судағы түрлері бойынша әлемдік чемпионат бағдарламасына кіреді. Суға секіру алғаш рет Олимпияда ойындарының бағдарламасына 1904 жылы үшінші Олимпияда ойындарына кіргізілген, содан бері барлық Олимпиядаларда болып келе жатыр.Синхронды секірулер 2000 жылы Сиднейде Ойындар бағдарламасында пайда болды. Осы уақытта Олимпияда бағдарламасына 8 медальдар жиынтығы, 4 жиынтық әйелдер мен ерлер арасында 3 метрлік трамплиннен (жекелеген және синхронды) және 10-метрлік мұнарадан (жекелеген және синхронды) секірулер бойынша ойнатылады. Әлем жәнее Европа чемпионаттарының бағдарламасы 10 жарыстан тұрады, қосымша бір метрлік трамплиннен жеке секірулер кіреді. Ірі жарыстар – Олимпиядалар мен әлем чемпионаттары үш кезеңнен тұрады. Біріншісінен кейін 18 үздік қатысушылардың біліктілігі, олардың ішінде жартылай финалда 12 финалист анықталады. Финалда алынған бағалар бұрын жартылай финалдың бағаларымен қосылатын, бірақта 2007 жылдан FINA жаңа ережелері бойынша финалды «нөлден» бастауды ұйғарды. Әрбір кезеңде спортшылар кезекпен турнирдің формуласына қарай 5 немесе 6 секірулерді орындайды. Әрбір кезеңнің басталуы алдында спортшылар секіру бағдарламасын жариялайды, ал төрешілер әрбір секіру үшін күрделілік коэффициентін бекітеді. Жарыс барысында бір секіруді екіншісімен алмастыруды немесе олардың тәртібін ауыстыруға рұқсат берілмейді.
Жеке жарыстарда әрбір секіруді жеті төреші бағалайды. Олардың әрбіреуі 0-ден 10-ға дейін баға қояды, одан кейін екі үздік және екі ең жаман бағалар алынып тасталады, ал қалған үшеуі күрделілік коэффициентіне көбейтіледі. Синхронды секіруді 9 арбитрдан тұратын коллегия бағалайды. Төрешілердің екі жұбы әрбір спортшының секіруді орындау техникасын бағалайды, ал қалған бесеуі тек қана синхрондылығын бағалайды. Одан кейін екі үздік және екі ең жаман бағалар алынып тасталады, ал қалғандары күрделілік коэффициентіне көбейтіледі.
Секіру техникасын бағалау кезінде төрешілер екпін алу немесе бастапқы позициясының ( екпін алу түзу сызық бойынша орындалуы керек және кем дегенде 4 қадамнан тұруы керек, тұрыс анық бекітілуі керек), серпілу, ұшу кезінде элементтерді орындау, суға кіру (барынша тік және судың шашырауы соншалықты аз болуы тиіс)сапасына назар аударады.
Суға секірулер — әртүрлі снарядтардан: мұнарадан (5-10 метр), немесе трамплиннен (1-3 метр) суға секіруді орындайтын судағы спорт түрінің бірі. Секіру кезінде спортшылар бірқатар акробатикалық әркеттерді (айналымдарды, ұршықша айналымдарды, шырайналуды) орындайды.
Жарыстарда төрешілер ұшу фазасында акробатикалық элементтерді орындаудың сапасын, сонымен қатар таза суға кіруді; синхронды секірулерде екі қатысушының элементтерді синхронды орындаун бағалайды.
Секірулердің түрлері:
Тұрыстар: алдыңғы (сығабетімен), артқы (суғаарқасымен), қолдарыментұрыс.
Екпін алудың болуы: орнындатұрып секіру, екпін алып секіру.
Дененің қалпы: иілген – тік аяқтары бірге қосылған, еңкейген – дене белден төмен иілген, аяқтары бірге, топта – бірге қосылған тізелері денесіне тиіп тұрған, қолдары аяқтарының төменгі жақтарын қапсырып тұр.
Айналымдар мен ұршықша айналымдар: жартылай айналу – 180 градусқа көлденең өс бойынша денені айналдырып секіру, айналу – 360 градусқа көлденең өс бойынша денені айналдырып секіру, сонымен бірге 1,5, 2, 2,5, 3, 3,5 және 4,5 айналып секірулер болады, жартылай ұршықша айналу – 180 градусқа тік өс бойынша денені айналдырып секіру, айналу – 360 градусқа тік өс бойынша денені айналдырып секіру, сонымен қатар 1,5, 2, 2,5 және 3 ұршықша айналу секірулері болады.
Әртүрлі элементтерді жинақтау трамплиннен секірудің 60 үлгісін және мұнарадан секірудің 90-нан аса үлгілерін орындауға мүмкіндік береді. Әрбір секіруге 1,2-ден 3,9-ға дейінгі диапозонда жатқан өзінің күрделілік коэффициенті берілген.
1912 жылғы 28 шілдеден 11 тамызға дейінгі жазғы Олимпияда ойындарында 8 наградалар жиынтығы ойнатылды (4-уі әйелдер және 4-уі ерлер арасында).
1912 жылғы жазғы Олимпияда ойындарындағы
суға секірулер
Суға секірулер —мұнарадан немесе трамплиннен суға секірукезінде акробатикалық әркеттерді (айналымдарды, ұршықша айналымдарды) орындау. Бұл спорт түрі Олимпияда ойындарының бағдарламасына кіреді.
1904 жылы суға секірулер алғаш ретОлимпияда ойындарының бағдарламасына енгізіледі. Ерлер мұнарадан және қашықтыққа секіруден жарысты. 1908 жылы бағдарламаға трамплиннен секіру қосылды.
Әйелдер 1912 жылы Олимпиядада мұнарадан секіруден алған рет көрінді. 1920 жылдан бастап олар трамплиннен секіруден жарысып келеді.
1912 жылғы жазғы Олимпияда ойындарындағы |
||||
Трамплин, 3 метр | ерлер | әйелдер | ||
Синхронды трамплин, 3 метр | ерлер | әйелдер | ||
Мұнара, 10 метр | ерлер | әйелдер | ||
Синхронды мұнара, 10 метр | ерлер | әйелдер |
Суға секіруге арналған бассейндерде:
Трамплин – бұл серппелі тақтайша. Ұзындығы 4,8 м және ені 0,5 м. Арнайы тайғанамайтын материалдан жасалған. Серпілу кезінде спортшының қосымша үдеу алуына септігін тигізеді. Су деңгейінен 1 немесе 3 метр биіктікте орнатылады.
Трамплин және платформа бассейннің шетінен 1,5 м шығып тұрады.
Жарыстардыңтүрлері:
- Жеке
- Синхронды