ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимиадалық резерв спорт мектебі» КММ
Өскемен қ.,
Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41

Еспе есу

Слаломның  тасқын судағы нақты тарихы, осы спорт түрінің негізін қалаушы «Еспе есу – тасқын суды тестілеу» деп жариялаған  Швейцарияда 1932 жылы 11 қыркүйекте басталды. Идеясы тау шаңғысынан бастау алды, «Қыс, Қар және Шаңғы слаломы» «Жаз, Су және Еспе слалом» деп өзгертілді. Әдемі аңызға қарамастан еспе слалом  сол атап айтқанда «тегіс суда»  пайда болды. Содан көп уақыт өтпей осы жас спорт түрі табалдырығы бар тасқын сулы және табиғи ағынды өзендерге көшті. Бүгінгі күші слаломшылар табалдырығы және ағыны қуатты тау өзендерін жақсы көреді.

Еспе слалом  спорт түрі ретінде ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Европаның таулы аудандарында дами бастады. Алғашқы Әлем Чемпионаты 1949 жылы Женеваға жақындау жерде өткізілді. Бірнеше ондаған жылдар ішінде осы спорт түрі бойынша жетекші мемлекеттер ГДР, ФРГ, Чехословакая,  Австрия болды. Еспе слаломның қарқынды дами бастауы  ұйымдастырушылардың құқылы ұсынысы бойынша енгізілетін спорт түрінің бірі ретінде 1972 жылы Олимпияда ойындарының бағдарламасына енуіне мүмкіндік берді. Жарыстар жасанды слалом каналында Мюнхеннен 70 км Аугсбург қ. өткізілді. Неміс спортшылары барлық жүлделі орындарды жеңіп алды, сондықтан да келесі Олимпиядада еспе слалом болған жоқ. СССР-дің екі спортшысы да осы жарыстарға қатысты.  Бұлардың біреуі Грузиядан Гоги Наскидашвили және Латвиядан Бирута Кемере еді.  Олар аса керемет нәтиже көрсеткен жоқ, өйткені  еспе слалом бойынша СССР-дың құрама командасы  Олимпияда ойындарына дейін 4 жыл бұрын асығыста құрылған болатын. Әрине, осындай өте қысқа уақытта слаломмен бұрыннан бері айналысып жүрген батыстың  спортшыларына қарсы тұра алатындарды дайындау мүмкін еместігі белгілі еді. Дегенмен де  дәл осы уақыттан бастап СССР-да еспе слалом танымал болып, оның байдарка және каноэда есу секциялары арқылы дамыуына жол салды. Мюнхен олимпиадасында ешқандай жақсы нәтиже болмағандықтан совет басшылары еспе слаломды  ұмытты. Онымен тек қана энтузиастар ғана айналысуды жалғастырған. СССР-дің құрама командасы  іс жүзінде жоқ болды, спортшылар халықаралық жарыстарға және әлем чемпионаттарына қатысуларына мүмкіндіктері болмады. Сол кезде әлемде байдарка мен каноэда есуде ең алдыңғы қатардағы  елдердің бірі болып тұрғанда, еспе слалом соншалықты дамымады.

Әлемде еспе слаломмен Халықаралық каноэ федерациясы  (ағылш. InternationalCanoeFederation — ICF).  айналысады. ICF мойындаған алғашқы жарыстар 1933 жылы  Швейцарияның  Аре өзенінде өтті. Алғашқы Әлем Чемпионаты 1949 жылы болды. Олимпияда ойындарының бағдарламасына еспе слалом 1972 жылы енгізіліп, одан кейін шығырылып тасталды, 1992 жылы қайтадан енгізілді.

Спорттың еспе түрлері бойынша «Қайық» федерациясы  Жазғы Олимпияда ойындарының бағдарламасына кіретін спорт түрі еспе слаломды Қазақстанда дамыту үшін  2010 жылы құрылды. Федерация Президенті – Кайрат Медыбаевич  Айтекенов, бірінші вице-президент — Владимир Владимирович  Волков, екінші вице-президент — Александр Геннадьевич Давыдов, бас хатшысы  — Наталья Яковлевна Федина.

Қазақстандағы  еспе слаломды Халықаралық Каноэ федерациясы 2003 жылы желтоқсанда ресми түрде мойындады. Қазақстанда еспе слаломның дамуына «Қайық» Федерациясының құрамына кіретін  және ресми мойындалған Еспе слалом фередациясы «Меридиан-К»  айналысады.

Еспе слалом — байдарка мен каноэда өзендердің табалдырықты учаскелерінде немесе  жасанды трассаларда (судың ағынының  жылдамдығы 2 м/с кем болмауы керек)  қақпаралармен белгіленген  қашықтықты жылдамдықпен алу.

Ережесі – қашықтықтың ұзындығына, қақпалардың санына, ағымның жылдамдығына қарай және т. с. трасса  5 деңгейдегі  қиындықтарға бөлінеді. Жарыстар ұзындығы 250—400 м   18—25-ке дейін қақпалары бар және қиындықтары, ережеге сәйкес, 3-ші деңгейден аспайтын трассада өтеді. Қақпалар ақ-жасыл түске («тіке қақпалар» — ағынның бойымен өтулері керек)  және ақ-қызыл  түске («кері қақпалар» — ағынға қарсы өтулері керек)  боялған көлденең тартылған екі арқансымға бекітіліп, салбырап тұрған кезең. Қақпалар оларды өту тәртібі бойынша нөмірленеді (нөмірлер қақпалардың үстінде орнатылған арнайы тақтайшалар)Қортынды мерзімге дейін қақапларды өтуде жіберілген қателер үшін  айыппұл қосылады:
2 с — қайықтың  қадасымен, ескекпен  және дененің кез-келген бөлігімен тиіп кету арқылы өту үшін;
50 с — қақпадан өтпей кету,  қақпадан  қате бағытта немесе аударылып өту үшін.

Ресми жарыстар қайықтардың келесі класстарында өткізіледі:
K-1М (байдарка-жалғыздан), ерлер;
K-1Ж (байдарка-жалғыздан), әйелдер;
С-1 (каноэ-жалғыздан), ерлер;
С-2 (каноэ-екеуден), ерлер;
C-1 (каноэ-жалғыздан), әйелдер — олимпияда кірмейді, әлем чемпионаттарының бағдарламасына 2010 жылдан енгізілген.

Сонымен қатар, әрбір класс бойынша командалық жарыстар (команда 3 экипаждан тұрады) өткізіледі.

070015, Қазақстан спорты, ШҚО, Өскемен қ, Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41
Яндекс.Метрика
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН / 2024
САЙТТЫ ДАЙЫНДАҒАН MSTUDIO.kz

×