ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимиадалық резерв спорт мектебі» КММ
Өскемен қ.,
Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41

Су добы

ҚР тарихы

Су добын XIX  ғасырдың соңында Ұлыбританияда Уильям Уилсон ойлап тапты. Ойын регбидің негізінде шыққан. Ойынның ертеректегі  шарттарында доп үшін күресте күш қолдануға, қарсыласыңды  допқа ие болу үшін су астына батыра тұруға рұқсат етілген болатын. Қақпашы алаңнын сыртында тұрып, қарсыластың айлақшаға  салу әрекетіне қарсылық білдірген. Қазіргі уақыттағы ойынның үлгісі ХІХ ғасырдың 80-ші жылдары қабылданған.

Су добы — спорттың ең көнегі олимпиядалық түрі болып саналады. Олимпияда ойындарының бағдарламасында ойын алғаш рет 1900 жылы пайда болды. Әйелдердің су добы  Олимпияданың бағдарламасына 2000 жылы австралиялық әйелдер командасының саяси наразылықтарынан кейін енгізілді. Ерлердің су добында атақты венгер спортшысы  Дежо Гьярмати әлі күнге дейін ешкім қайталай алмаған рекордты – бес олимпияда медалін (1952, 1956, 1964 жылдары алтын;  1948 жылы күміс;  1960 жылы қола ) жеңіп алған.

Алғаш рет Спорттың судағы түріндегі атақтылары залына  (Майамиға жақын орналасқан американдық Форт-Лодердейл қаласында орналасқан)  енген советтік ватерполист Алексей Баркалов, оның соңынан Александр Кабанов және Евгений Шаронов болды. Ерлердің су добы чемпионаты 1973 жылдан, әйелдердікі 1986  жылдан ойналып келеді.

Су добы – қызықты да және тартымды спорт ойындарының бірі. Оның кең тарауының себебі ол судағы жалғыз ойын түрі болып саналады. Су добының пайда болуы өткен ғасырдың 60-шы жылдары. Оның отаны – Англия.

Су добының Қазақстандағы дамуы тарихы қысқаша мерзімді қамтиды – 17 -18 жыл. Бұның себебі бірінші кезекте сол уақытта республикада су-спорт базаларының және білікті мамандардың жоқтығы. Содан кейін 1949 жылдан 1954 жылдарда спорттың  судағы – жүзу мен секірулер сияқты түрлері қарқынды дами бастады. Әсіресе, олар Дене тәрбиесі институтының және техникумының базасында кеңінен таралды, және сол уақытта қатарға алғашқы жаздық жүзу бассейіні іске қосылған болатын.  Жүзушілер олардың  арасында танымал бола бастаған су добын, өздерінің оқу-жаттығу жұмыстарына жие-жие қосып отырған.
Су добы бойынша алғашқы ресми матч 1950 жылы Алматы қаласында өтті. Бұл СССР Кубогы үшін Қазақ ССР-нің құрамасы мен  елдің чемпионы – ЦДКА командасы арасындағы ойын еді. Қазақстандық команданың ұйымдастырушысы Дене тәрбиесі техникумының мұғалімі жүзу бойынша жаттықтырушысы Лев Михайлович Лукьяновский еді. Республиканың алғашқы ватерполшылар командасының құрамында жүзушілер Ираклий Адамиди, Дурсун Черкес-Заде, Григорий Козорезов, Юрий Кабин, Владимир Григорович, Бахи Ельгундиев, Виктор Морозов, Латиф Сарсенов және  баскетболшы Юрий Вухвалов кірді.  Жарыс ЦДКА пайдасына 21:1 есебімен аяқталды. Москвалықтардың қақпасына жалғыз голды Юрий Кабин соқты, қазіргі уақытта тау шаңғысы спорты бойынша СССР  құрама командасының аға жаттықтырушысы.
Кейінгі жылдары Республикадағы су добының өркендеуіне команданың ойыншысы Дурсун Черкес-Заде көп үлес қосты. Ұйымдастырылған жаттығу сабақтары өткізіледі, команда 1950 жылы Алматы қаласында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының Спартакиадасында қатысып, онда бірінші орынды жеңіп алады.  Осыдан кейін су добына қызығушылар саны  тоқтамай өсе бастайды. Команданың құрамына жастар кіре бастайды, олардың ішінде ағалы-інілі Юрий және Виктор Минеевтар (олардың алғашқысы дойбалы хоккейден СССР біріншілігінің  қола жүлдегері, спорт шебері, кейінгісі –  XVII Олимпиялық ойындардың  қазіргі уақыттағы бессайыс бойынша чемпионы, еңбегі сіңген спорт шебері), Олег Баймухамбетов, Энвар Аганин және басқалар кірді.
1954 жылы су добы Қазақстан және Орта Азия республикаларының спартакиадасына қайтадан енгізілді. Құрама командамен жұмыс жасауға Москвадан жаттықтырушы А. В. Гвоздев шақырылды. Оның басшылық етуімен алғаш рет СССР біріншілігіне қатысып, 15-ші орын алды.
Одан кейінгі жеңіске  Ташкент қаласында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының Спартакиадасында жетті. Осыдан кейін республиканың көптеген облыстарында жаңа спорт түріне назар аудара бастады. Алғашқы ресми біріншілік 1955 жылы төрт команданың қатысуымен өткен. Ал бір жылдан кейін  VIII Бүкіл қазақстандықтардың спартакиадасында он облыстың ватерполшылары шықты.
1957 жылы қазақстандықтар СССР біріншілігіне және Қазақстан мен Орта Азия республикаларының Стартакиадасына қатысады, онда 17-ші және 2-ші орындарды жеңіп алады.
Осы жылдары Қарағанды қаласында қатарға қысқы жүзу бассейні қосылады, онда жұмыс жасауға жаттықтырушылар Минскіден Анатолий Водопетов және Москвадан Вячеслав Сахаров, сонымен қатар тәжірибелі ойыншылар шақырылады. Осының бәрі қарағандылықтардың спорттық шеберліктерінің өсуіне әсерін тигізді.  Оған дәлел  – олардың астаналық спортсмендермен матчы теңбе-тең есеппен (4:4)  аяқталуы, тек қана соғылған және жіберіліп қойған доптардың есебі бойынша алматылықтар  бірінші орынды алды. Осы спорт түрі бойынша энтузиаст Геннадий Горбуновтың басшылық етуімен Шығыс Қазақстан облысының командасының да шеберлігі де  қомақты өсті, жылдан жылға жүрделі үштіктің қатарына кіріп келе жатыр.
Алматы және Қарағанды облыстарының спортшыларынан құрылған, құрамында А. Баймухамбетов, В. Григорович, А. Крюков, В. Масютенко, С. Пивоваров, Л. Козьмин, В. Василенко, В. Сахаров, В. Kотов, В. Горшелев, Р. Орлов бар Республиканың құрама командасы 1959 жылы СССР халықтарының ІІ Спартакиадасында тағыда 12-ші орынды жеңіп алады.

ШҚО-дағы тарихы

20 сәуір 2015 жылы спорттың судағы түрлері бойынша мектеп ашылды, оның құрамына су добының жаңадан ашылған бөлімі кірді.Жаттықтырушылардың лауазымына Қарағандыдан жаттықтырушылар (Қазақстан Чемпионатының  жүлдегерлері)  шақырылды.

Су добы – судағы доппен ойналатын командалық ойын. Мақсаты: қарсыластардың қақпасына қанша болса да, көп допты соғу. Ойын бассейндерде, сонымен қатар ашық су қоймаларында өтуі мүмкін. Олимпияда ойындарының бағдарламасына кіреді.

Су добын XIX  ғасырдың соңында Ұлыбританияда Уильям Уилсон ойлап тапты. Ойын регбидің негізінде шыққан. Қазіргі уақыттағы ойынның үлгісі 1880-ші жылдары қабылданған.
Су добы – Олимпияда ойындарының бағдарламасында ойын алғаш рет 1900 жылы пайда болды. Әйелдердің су добы  Олимпияданың бағдарламасына 2000 жылы енгізілді. Ерлер арасындағы су добы чемпионаты 1973 жылдан, әйелдер арасындағы  1986  жылдан ойналып келеді.

Су добына арналған бассейн – ватерполо (ағылш. water-polo,  ағылш. water — су және тибет. пулу — шар).
Ойын алаңы 30×20 м, судың тереңдігі 1,8 м кем емес; доптың шеңбері  68—71 см, салмағы 400—450 г; қақпасы 3×0,9 м. 5 минуттан 4 кезең ойнайды, 2 минуттық үзілістері бар. Әрбір командадан 7 адам ойнайды (қазіргі уақыттағы регламент бойынша командада барлығы 13 ойыншы болады).

070015, Қазақстан спорты, ШҚО, Өскемен қ, Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41
Яндекс.Метрика
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН / 2024
САЙТТЫ ДАЙЫНДАҒАН MSTUDIO.kz

×