ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимиадалық резерв спорт мектебі» КММ
Өскемен қ.,
Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41

ШҚО-дағы тарихы

20 сәуір 2015 жылы спорттың судағы түрлері бойынша мектеп ашылды, оның құрамына су добының жаңадан ашылған бөлімі кірді.Жаттықтырушылардың лауазымына Қарағандыдан жаттықтырушылар (Қазақстан Чемпионатының  жүлдегерлері)  шақырылды.

Су добы – судағы доппен ойналатын командалық ойын. Мақсаты: қарсыластардың қақпасына қанша болса да, көп допты соғу. Ойын бассейндерде, сонымен қатар ашық су қоймаларында өтуі мүмкін. Олимпияда ойындарының бағдарламасына кіреді.

Су добын XIX  ғасырдың соңында Ұлыбританияда Уильям Уилсон ойлап тапты. Ойын регбидің негізінде шыққан. Қазіргі уақыттағы ойынның үлгісі 1880-ші жылдары қабылданған.

Су добы – Олимпияда ойындарының бағдарламасында ойын алғаш рет 1900 жылы пайда болды. Әйелдердің су добы  Олимпияданың бағдарламасына 2000 жылы енгізілді. Ерлер арасындағы су добы чемпионаты 1973 жылдан, әйелдер арасындағы  1986  жылдан ойналып келеді.

Су добына арналған бассейн – ватерполо (ағылш. water-polo,  ағылш. water — су және тибет. пулу — шар).

Ойын алаңы 30×20 м, судың тереңдігі 1,8 м кем емес; доптың шеңбері  68—71 см, салмағы 400—450 г; қақпасы 3×0,9 м. 5 минуттан 4 кезең ойнайды, 2 минуттық үзілістері бар. Әрбір командадан 7 адам ойнайды (қазіргі уақыттағы регламент бойынша командада барлығы 13 ойыншы болады).

070015, Қазақстан спорты, ШҚО, Өскемен қ, Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41
Яндекс.Метрика
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН / 2021
САЙТТЫ ДАЙЫНДАҒАН MSTUDIO.kz

×