ШҚО әкімі аймақтың үздік спортшыларын марапаттады.
Бүгін, Тәуелсіздік күні қарсаңында, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Азия чемпионаттарында, халықаралық турнирлерде және республикалық жарыстарда біздің өңірімізді сенімді түрде қорғап жүрген аймақтың ең үздік спортшыларын марапаттады. Олардың арасында мектебіміздің түлектері: Иманғали Мәмбетов (есу слаломы), Владислав Рябко (есу слаломы), Анастасия Носкова (есу слаломы), Виктория Квашнина (есу слаломы), Сұлтан Шарапиев (байдарка және каноэда есу) және Тайисия Короткова (жүзу) бар.
Бұл жетістіктер – қажырлы еңбектің, тәртіптің және адалдықтың нәтижесі.













