Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары бос орын
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
(ШҚО, Өскемен қаласы, қ. Сәтпаев даңғылы 82/3).
Негізгі қызмет:
1) спорттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады;
2) спорттық топтарды жасақтауды қамтамасыз етеді, оқу топтарының сабақ кестесін, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын құру жұмыстарын жүзеге асырады;
3) дене шынықтыруды және спортты насихаттау және алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық мамандықтары» бойынша педагогикалық ғылымдар;
Жұмыс өтілі:
- облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың облыстық коммуналдық кәсіпорындары үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшы лауазымдарда кемінде үш жыл, не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, не дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде екі жыл;
Лауазымдық жалақысы 192189-нан 233600 теңгеге дейін (жұмыс өтіліне байланысты).
Білуі тиіс:
- Конституция;
- Еңбек кодексі;
- ӘРПК;
- «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары;
- Үкіметтің № 1193 қаулысы;
- дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілер;
- еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын.
Лауазымдық міндеттері:
- спорттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады;
- спортшыларды даярлаудың бағдарламасын және жоспарын орындау жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы құрамының жұмысын, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді;
- спорттық топтарды жасақтауды қамтамасыз етеді, оқу топтарының сабақ кестесін, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын құру жұмыстарын жүзеге асырады;
- жаттықтырушылар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оқу-жаттығу процесін оқытудың және өткізудің әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
- дене шынықтыруды және спортты насихаттау және алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
- спортшыларға медициналық қызмет көрсетудің жай-күйін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
- оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- спортшылардың оқу бағдарламаларының талаптарын орындауын қамтамасыз етеді, спортшылардың дайындық деңгейін үйлестіреді және мониторинг жүргізеді, медициналық тексеруден уақтылы өтуін қамтамасыз етеді;
- спорт түрлерінен федерациялармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, дене шынықтыру-спорт ұйымындағы спорт түрлерін дамыту жұмысын үйлестіреді;
- спортшыларды дайындаудың перспективалық және жеке жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады;
- спорт түрлері бойынша дене шынықтыру-спорт ұйымының спортшыларының тұрақты дайындығын, спорттық дайындықта жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары нәтижелерді қамтамасыз етеді;
- құрылымның және штат кестесінің өзгеруі бойынша ұсыныстар енгізеді;
- спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
- директордың оқу бөлімі бойынша орынбасарының бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін – еркін нысанда ресімделген қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемені қоса бере отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш, білімі туралы диплом және еңбек қызметін растайтын құжат
Еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.
Конкурстың өтетін орны: ШҚО, Өскемен қаласы, қ. Сәтпаев даңғылы 82/3.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады Vkovvs.kz, Мекенжайы: 070006, ШҚО Өскемен қаласы, қ. Сәтпаев даңғылы, 82/3, телефондары: 8 700 668 66 79, электрондық мекенжайы: vko_vvs@mail.ru













