Бұл ойынның тарихы 1954 жылдан басталды. Гурьев қаласына (қазіргі Атырау) Днепропетровск физкультура институтының түлегі Владимир Светочев келген. 1955 жылы Гурьев қаласында алғаш рет Қазақстанның біріншілігі ресми жарысы өткізілді. 1956 жылы Қазақстандық спортшылар СССР халықтарының Бірінші спартакиадасына қатысты. СССР халықтарының Екінші спартакиадасында 10 000 метр дистанцияда Неулыбин Константин үшінші жүрделі орынды алды. 1967 жылы байдаркада есуші Владимир Образцов 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальді жеңіп алды. Келесі жылдары Қазақстан спортшылары көптеген халықаралық, сонымен қатар Азия ойындарына қатысты.
Байдаркада және каноэда есу – тиісті қайықта жарысатын ескекті спорт түрі. Байдарка және каноэ суда жылжуға арналған құрал ретінде адамдарға есте қалмаған кезден бері қызмет еткен.
ЕСУ спорттың түрі ретінде 18 ғасырдың соңында, Европадағы өзендер мен көлдердің жағасында көптеген ескек базалары пайда болған кезден туған.
ХIХ ғасырдың ортасында осы спорт түрінен жарыстар өткізіле бастады. ХIХ ғасырдың 60-шы жылдары Шотландия мен Англияда байдаркада есушілердің алғашқы клубтары негізін қалаған. Одан кейін осы сияқты клубтар Швецияда, Норвегияда, Данияда және Европаның басқа да елдерінде, 70-ші жылдарджың басында – АҚШ-та пайда болған. Осы клубтарда жәйлап-жәйлеп байдаркада есумен қатар каноэда да есу өркендей бастады.
XIX ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында әртүрлі елдердің есу клубтарының спортшыларының арасында халықаралық жарыстар өткізіле бастады. 1924 жылы Копенгагенде Халықаралық каноэ – ИРК өкілдігі негізін қалады, ол өзіне ескек спорты бойынша халықаралық жарыстарды ұйымдастыруды өз мойнына алды.
1946 жылы ИРК ICF (ИКФ) – Халықаралық каноэ және байдаркадағы есу федерациясы болып атын өзгертті, 2000 жылға қарағанда әлемнің 150 астам елін біріктіреді.
1933 жылы ИКФ Прагада Европаның бірінші чемпионатын, ал 1939 жылы Швецияның Ваксхольм қаласында әлемнің бірінші чемпионатын өткізді.
Байдарка және каноэда есуден жарыстар Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1936 жылы Берлинде XI Олимпиадада енгізілген. Бағдарламаға жалғыздан және екеуден тұратын ерлер экипаждарының жарыстары кірді. Әйелдердің байдаркадағы жарыстары бірінші рет Дондон қаласында 1948 жылы XIV Олимпияда ойындарында өткізілді.
Қайықтардың Олимпиядалық кластары – жалғыздан, екеуден жәнетөртеуден; каноэ –жалғыздан жәнеекеуден.
Есу каналы – ескекті спорт бойынша жаттығулар мен жарыстарға арналған жасанды су қоймасы.Ені 200 метрге дейін, есу жолдарына арналған негізгі су 125 метр және 75 метр – қайтарлық. Ұзындығы шамамен 4000 метр, негізгі су – 2200 метр, Тереңдігі 2 м кем болмайды.
Байдаркада және каноэда есу — бұл спорттың ескекті түрі, мұнда қайықтың екі түрі: байдарка және каноэпайдаланылады. 1936 жылданн бастап спорттың олимпияданың спорттық түрі (алғаш рет 1924 жылы Олимпияда ойындарының бейресми түрі ретінде ұсынылған болатын)болып саналады. Байдаркада және каноэда есуден (немесе «тегіс суда» есу) басқа қайықтардың осы түрлерін пайдаланатын басқа көптеген түрлері бар.
«Тегіс суда» байдаркамен есу(англ.FlatwaterKayak), олимпиядалық ойын түрі: 16 наградалар жиынтығы: 12 каналда «тегіс» есу (3 каноэда ерлер, 5 байдаркада ерлер және 4 байдаркада әйелдер) және 4 еспеслаломда (2 байдаркадағы ерлерде, 1 каноэда ерлер және1 байдаркада әйелдер).
Байдаркажәнеканоэда есу
Гребля на байдарках и каноэ |
||||
Б-1, 200 м | ерлер | әйелдер | ||
Б-1, 500 м | әйелдер | |||
Б-1, 1000 м | ерлер | |||
Б-2, 200 м | ерлер | |||
Б-2, 500 м | әйелдер | |||
Б-2, 1000 м | ерлер | |||
Б-4, 500 м | әйелдер | |||
Б-4, 1000 м | ерлер | |||
К-1, 200 м | ерлер | |||
К-1, 1000 м | ерлер | |||
К-2, 1000 м | ерлер |
Байдаркалар
Ерлер мен әйелдер қатысады.
«Тегіс суда» байдаркада есу (англ. Flat water Kayak), олимпияалық ойын тәртібі:
- K-1 200 м (байдарка-жалғыз), ерлер
- К-2 200 м (байдарка-екеуден), ерлер
- К-1 1000 м (байдарка-жалғыз), ерлер
- К-2 1000 м (байдарка-екеуден), ерлер
- К-4 1000 м (байдарка-төртеуден),ерлер
- К-1 200 м (байдарка-жалғыз), ерлер
- К-1 500 м (байдарка-жалғыз), ерлер
- К-2 500 м (байдарка-екеуден), әйелдер
- к-4 500 м (байдарка-төртеуден), әйелдер
Каноэ
Континенттер мен әлем чемпионаттарында әйелдер де, ерлер де қатысады, олимпияланың бағдарламасына ерлердің және әйелдердің ойын тәртіптері кіреді:
«Тегіс судағы» каноэда есу (англ. Flat water Canoe), олимпиядалық ойын тәртіптері:
- C-1 1000 м (каноэ-жалғыздан, салмағы 14 кг, ұзындығы 520 см)
- C-1 200 м (каноэ-жалғыздан, салмағы 14 кг, ұзындығы 520 см)
- C-2 1000 м (каноэ-екеуден, салмағы 20 кг, ұзындығы 650 см)