Су добынан Қазақстан Республикасы Чемпионатының II туры
2018 жылдың 1-10 ақпаны аралығында Орталық бассейнде Сатпаев д. 82/3 мекен-жайында 2006 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында су добынан Қазақстан Республикасы Чемпионатының II туры өтеді. ҚР бойынша жарысқа 8 команда қатысады.
Шағыс Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылар:
1.Макаев Д.
2.Алиханов М.
3.Сабельфельд В.
4.Ербулатов Т.
5.Каделгожа Р.
6.Нурмухамет Ж.
7.Кзайбеков Р.
8.Иванов И.
9.Минаев М.
10.Свечкарёв Б.
11.Нечетов К.
12.Самойлов Т.
13. Байжуманов А.


ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!
2018 жылдың 14 қаңтары күні «Алтын Доп» Республикалық турнирнирінде су добынан ШҚО «Тайфун» командасы соңғы мачта жеңіске жетіп, Астана қ. командасымен 9:4 есепте жеңімпаз атанды.

Техникалық қауіпсіздік ережелері өткізілді
Ағымдағы жылдың 11-қаңтары күні ЕҚ және ДС инженері Тілеужанов Б. суда жүзу, суға секіру жаттықтырушыларымен техникалық қауіпсіздік ережелерін өткізді.
Слалом спортшылары оқу-жаттығу жиынында
Ағымдағы жылдың қаңтардың 5-14 күндері аралығындағы Риддер қаласында байдарка мен каноэда слалом есуден шаңғы оқу-жаттығу жиыны өткізілді.






Байдарка мен каноэ есуден оқу-жаттығу жиыны
Ағымдағы жылдың 4-14 қаңтары күндері Риддер қаласында байдарка мен каноэ есуден жалпы дене дайындығынан оқу-жаттығу жиыны белсенді өтуде.

Су добынан «Алтын Доп» Республикалық турниры өтуде
Бүгінгі күнде (08-13.01.2018ж.) Қарағанды қаласында 2006 жылғы туылған және одан кіші жасөспірімдер арасында су добынан «Алтын Доп» Республикалық турниры өтуде. Ағымдағы жылдың 12-қаңтарда Көкшетау командасымен жартылай финалда өнер көрсетпек.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл толу құрметіне суда жүзу бойынша «Су спорт түрлері федерациясы» РҚБ облстық филиалының ашық Кубогы өтті
Биылғы жылдың 16-желтоқсан күні Өскемен қаласы Орталық бассейнде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл толу құрметіне суда жүзу бойынша «Су спорт түрлері федерациясы» РҚБ облстық филиалының ашық Кубогы өтті.

Құттықтаймыз!
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 8-14 күндері біздің мектептен паралимпиец БАӘ-де III Азия ойындарының жеңімпазы атанды. БАӘ-нің Дубай қаласында өткен III Азиялық жасөспірімдер паралипимпиядасында Шығыс-Қазақстан облысының спортшысы паражүзуден 3 медальды иеленді.
Осы байқауға 15 мемлекеттен 1000нан астам спортшы қатысқан. Естеріңізге салакетсек ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс-Қазақстан облыстық мамандандырылған су спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер Олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ-нің оқушысы Советканов Нурали ҚР ұлттық құрамында жаттықтырушы М.Н. Филимоновпен Шығыс-Қазақстан облысының атынан жалғыз өкіл болды. Байқаудың бірінші күні ШҚО-нан келгкен жүзгіш 200м арақашықтықта біріктірілген жүзуден жеңімпаз атанды. Келесі күні біздің мектептің оқушысы қайтадан құрмет тұғырына шықты. Жүзудің емшек соққы түрінен 100м арақашықтықта Нурали тағы алтын медальға ие болып, еркін жүзуден 100м арақашықтықта күміс марапатқа ие болды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл толу құрметіне суда жүзу бойынша «Су спорт түрлері федерациясы» РҚБ облстық филиалының ашық Кубогы өтеді
Биылғы жылдың 16-желтоқсан күні Өскемен қаласы Орталық бассейнде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл толу құрметіне суда жүзу бойынша «Су спорт түрлері федерациясы» РҚБ облстық филиалының ашық Кубогы өтеді.
Су добынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің құрметіне ашық біріншілік өткізілді
2017 жылдың 30-қарашасынан 1-желтоқсан күндері аралығында ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық су спорты түрлері бойынша кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ су добынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күнінің құрметіне ашық біріншілік өткізілді.
Қатысқан командалар:
Алтай 1 – I орын
Восток 1 – II орын
Тайфун 06 – III орын



