Спорт ардагерлері арасындағы Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасы
2016 жылдың 20 – 23 шілдесі аралығында Орталық бассейінде Өскемен қ. Жүзуден Спорт ардагерлері арасында Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасы өткізілді. Жарысқа 112 адам көлемінде, республикамыздың 10 командасы қатысты, олар: Алматы облысы, Ақмола облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы.
Жарыстың бас төрешісі – А. С. Гершевич (халықаралық дәрежедегі төреші, FINA рефері)
Жарыстың бас хатшысы – Л. И. Степанова (халықаралық дәрежедегі төреші, FINA рефері)
Жарыс, келесі дисциплиналар мен жас ерекшеліктері бойынша өтті:
- 100м еркін стильде әйелдер 40-59 жас
- 100м еркін стильде әйелдер 60 жас және одан үлкендер
- 100м еркін стильде ерлер 40-59 жас
- 100м еркін стильде ерлер 60 жас және одан үлкендер
- 50м еркін стильде әйелдер 40-59 лет
- 50м еркін стильде әйелдер 60 жас және одан үлкендер
- 50м еркін стильде ерлер 40-59 жас
- 50м еркін стильде ерлер 60 жас және одан үлкендер
- Эстафета 4*50м еркін стильде – аралас
Шығыс Қазақстан облысы командасын 8 спортшы өкіл етті, олар: Ирина Алексеева, Жанна Белоусова, Лариса Шиянова, Оксана Макарова, Александр Кулагин, Сергей Фомин, Алексей Никулин, Роман Кузмин.
Жалпыкомандалық есепте орындар төменгідей орналасты:
- Павлодар облысы
- Оңтүстік Қазақстан облысы
- Шығыс Қазақстан облысы