ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Ағымдағы жылдың наурыз айының 27-29 күндері аралығында Көкшетау қаласында жүзуден «Бурабай Маржаны» атты Республикалық турнирі өткізілді. Аталмыш жарысқа Республикамыздың 16 командасы (14 облыс және Астана, Алматы қалалары) 600ден астам спортшы көлемінде жүлделі орындарға тартысты. Нина Юрьевна Мохованың оқушысы Марламбеков Даулет 50 м. қашықтықта (брасс стилінде) күміс жүлдесіне иеленді.