Қазақстан Республикасының спорттық объектілері туралы деректі фильм түсірілуде
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша және қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының 25 спорттық объектісі» атты деректі фильмі түсірілуде. Фильм республикамыздың барлық аймақтарында түсірілмек. Олардың ішінде, Шығыс Қазақстан облысының жекпе-жек сарайы, О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі мен орталық бассейніде бар. Фильм 2016 жылдың 1 қыркүйегі – 16 желтоқсаны аралығында kazsport каналынан көрсетін болады.