Бассейнге бару ережелері
Бассейнге бару үшін сізде болуы керек:
- Терапевттен анықтама (балаларға педиатрдан);
- Шомылуға арналған бас киім;
- Спорттық бассейнге арналған жүзу костюмі, буркини (Әйелдер)
- Жеке гигиена заттары (сабын, жөке, сүлгі);
- Резеңке табанды аяқ киім (сланцы);
- Шортымен түсуге тыйм салынады . Қалтасыз эластик болуы тиіс (Ерлер)
- Бассейнге барар алдында келуші душты мұқият қабылдауға міндетті, душты пайдалану аяқталғаннан кейін ыстық және суық судың шүмектерін жабу керек.
- Рұқсат етілмейді-бассейннің аумағында жүгіруге, бүйірден секіруге, жол бөлгіште ілініп тұруға және отыруға, қатты айқайлауға.
- Жүзу кезінде оң жағын ұстап, басқа келушілерге кедергі жасамай, жолдың бұрыштарында демалыңыз.
- Келушінің сессияда болу ұзақтығы, оның ішінде киім ауыстыру, душ қабылдау және жүзу-1 сағат (15 мин-бассейнге дейін және одан кейін душ қабылдау, 45 мин-жүзу).
- Сеансқа кешігіп келгендер бассейнге жіберілмейді.
- Бағалы заттардың сақталуына әкімшілік жауап бермейді.
- Ұялы телефондар мен смартфондарды бассейнге апаруға тыйым салынады.