Жүзу
Жүзу спорт түрінің ең ежелгісі. Спорттық жүзу XV ғасырдың соңында пайда болды. 1515 жылы Венецияда жүзушілердің жарысы өткізілді, бұл жүзуден алғашқы жарыстардың бірі болатын. 1538 жылы дат азаматы П. Винманның бірінші нұсқаулығы жарыққа шықты. Жүзуден алғашқы мектептер XVIII тғасырдың екінші жартысында – XIX ғасырдың басында Германияда, Австрияда, Чехословакияда және Францияда ашылған. XIX ғасырдың ортасында алғашқы жасанды бассейндер пайда болды, бұл XIX ғасырдың соңында осы спорт түрінің кенеттен кеңінен танымал болуы еді.
1890 жылы жүзуден Европаның алғашқы біріншілігі өткізілді.1896 жылы жүзу Олимпияда ойындарының бағдарламасына кіргізілді. 1908 жылы Халықаралық жүзуден әуесқойлар федерациясы ФИНА ұйымдастырылды, ал 1973 жылы бұл ұйым 96 ұлттық федерацияларды біріктірді. ХХ ғасырдың басында жүзу Россияда Европадағы сияқты кеңінен таралмаған болатын.Осы кезеңде Россияда техникалық жағынан аса жетіле қоймаған жеті бассейн болды, соның өзінде жүзумен мың жарымдай адам айналысып жүрді. Бассейндердің санының жетіспеушілігінен жаттығулар көбінесе жазғы уақытта ашық суларда өткізіліп отырған. Нәтижесі онша жоғары болмайтын. 1913 жылы алғаш рет жүзуден Россияның біріншілігі өткізілді. 1918 жылы Москвада СССР-дің жүзу бойынша бірінші жарысы өткізілді. 1920 жылы В.Н. Песков ашық бассейні бар спорттық “Дельфин” жүзу қоғамын ұйымдастырды. 20-шы жылдары Москвада бірнеше жүзу мектептері ашылды. 1921 жылы Москва-өзенінде СССР-дің бірінші жарысы өтті. Жүзуден жарыстар 1928 жылдан СССР спартакиадасының бағдарламасына кірген. Содан бері жүзуден жарыстар үнемі өткізіліп тұрады.
Жүзу – бұл берілген қашықтыққа жүзе отырып, барыншатезірек жету қажет спорттық тәртіп. Осында су астында старттан кейін және борттан кейін серпілгенде (бассейнде қозғалыс бағытын ауыстырған кезде) 15 метрден артық жүзуге рұқсат берілмейді. Сонымен қатар жүзу қазіргі уақыттағы бессайыстың (200 м жүзу),триатлонның (ашық судағы әртүрлі дистанциялар) және кейбір қолданбалы көпсайыстың құрама бөлігі болып табылады. 28 шілдеден 10 тамызға дейін өткен 2012 жылғы жазғы Олимпияда ойындарында 34 награда жиынтығы (17 ерлерде және 17 әйелдерде) ойнатылды, олардың ішінде 32 – бассейндегі жүзу және 2 – ашық суда жүзу үшін.
Жарыстар өткізілетін жүзудің бірнеше түрлері бар:
- Еркін стиль
- Брасс
- Кроль
- Шалқалап жүзу кроль
Сонымен бірге спортшылар қашықтықты бағындырғанда, оның кез-келген бөліктерінде жүзудің әртүрлі стильдерін пайдаланып, кешенді жүзуде, сонымен қатар аралас эстафета орын алған. Спорттың осы түрі Олимпияда ойындарына кіреді.
Жүзуге арналған бассейн – ФИНА -ныңережесіне сәйкес бассейндер ұзындығы 50 метр («қысқа судағы» жарыстар үшін 25 метр) және көлденең 25 метр, тереңдігі — екі метрден кем болмау керек. Бассейн көлденең 2,5 метрден сегіз жолға бөлінуі керек.
Судың температурасы25 – 29 °C болуы керек.
2012 жылғы жазға Олимпияда ойындарындағы жүзу |
||||
Еркін стиль | ||||
50 метр | Ерлер | Әйелдер | ||
100 метр | Ерлер | Әйелдер | ||
200 метр | Ерлер | Әйелдер | ||
400 метр | Ерлер | Әйелдер | ||
800 метр | Әйелдер | |||
1500 метр | Ерлер | |||
Баттерфляй | ||||
100 метр | Ерлер | Әйелдер | ||
200 метр | Ерлер | Әйелдер | ||
Арқамен | ||||
100 метр | Ерлер | Әйелдер | ||
200 метр | Ерлер | Әйелдер | ||
Брасс | ||||
100 метр | Ерлер | Әйелдер | ||
200 метр | Ерлер | Әйелдер | ||
Кешенді жүзу | ||||
200 метр | Ерлер | Әйелдер | ||
400 метр | Ерлер | Әйелдер | ||
Эстафеты | ||||
4×100 метр еркін стильмен | Ерлер | Әйелдер | ||
4×200 метров еркін стильмен | Ерлер | Әйелдер | ||
4×100 метров жинақты | Ерлер | Әйелдер |