ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимиадалық резерв спорт мектебі» КММ
Өскемен қ.,
Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41

Географиясы

Қазақстан – екі континенттің Европа мен Азияның, шығыс бойлық  45 және 87 градустары, солтүстік ендік 40 және 55 градустары аралығында орналасқан. Европаға   Қазақстан аумағының ≈ 15%, ал Азияға ≈ 85% кіреді. Европалық-азиялық субконтиненттің географиялық орталығы тура Қазақстанда ( меридианның 78 мен  параллельдің 50 қилысқан жерінде) орналасқан.

Қазақстан орталық, байланыстыратын жағдайда. Қазақстан шығысында ҚХР -1460 км, оңтүстік-батыста Қырғызстанмен – 980 км, Түркіменстанмен – 380 км, Өзбекстанмен – 2300 км және батысында Ресей Федерациясымен — 6477 км шекаралас. Азербайжан және Иранмен су шекарасы – 1730 км. Қазақстанның жалпы аумағы 2724,9 мың кв. км (жер шарының шамамен  2%) құрайды әрі  Каспий теңізі мен Волга жалауының тегістігінен шығысқа қарай  таулы Алтайға дейін,  оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Тянь-Шань тауларынан  және батысында Батыс-Сібір  ойпаттарына дейін созылған.  Оның аумағының ұзындығы батыстан шығысқа дейін 3000 км, оңтүстіктен солтүстікке дейін 1700 км. Қазақстан аумағының көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында, яғни  Россия, Канада, Китай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Индия және Аргентинадан кейін – әлемдегі аумағы жағынан ірі он мемлекеттің   құрамына кіреді.

Адамдарының саны мен тығыздығы:15 млн. адам (2004 жылғы  бағалау бойынша), яғни 1 кв. км жерге 5,5 адамнан келеді. Қазақстанның аумағы батысында Волга ойпатынан шығысында Алтайға дейін және  солтүстігінде Батыс-Сібір жазықтығынан  оңтүстігінде Тянь-Шаньға дейін созылып жатыр. Оңтүстік-шығысында  7000 метрге дейін жететін  Хан-Тәңгірі тау массиві көтерілген. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы (10.12.1997 жылдан).

070015, Қазақстан спорты, ШҚО, Өскемен қ, Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41

Экран дикторы

Яндекс.Метрика
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН / 2024
САЙТТЫ ДАЙЫНДАҒАН MSTUDIO.kz

×