ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимиадалық резерв спорт мектебі» КММ
Өскемен қ.,
Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41

Антитеррор жадынама

ЕГЕР терроризм актісі ғимараттың ішінде орын алса

  • Дереу еденге жатып, басыңызды қолыңызбен жабыңыз
  • Терезелер мен шкафтардан аулақ болыңыз
  • Жүгірмеңіз, лифтіні пайдаланбаңыз
  • Қабырғалардан және басқа да шынымен қапталған заттардан аулақ болыңыз
  • Есік ойығына, көтергіш қабырғаларға жақын болуға тырысыңыз

ЕГЕР терроризм актісі ғимараттың ішінде орын алса

  • Дереу еденге жатып, басыңызды қолыңызбен жабыңыз
  • Терезелер мен шкафтардан аулақ болыңыз
  • Жүгірмеңіз, лифтіні пайдаланбаңыз
  • Қабырғалардан және басқа да шынымен қапталған заттардан аулақ болыңыз
  • Есік ойығына, көтергіш қабырғаларға жақын болуға тырысыңыз

ЕГЕР Сіз атыс дыбысын естісеңіз

  • Терезеге, есікке жақындамаңыз, терезе және есік ойығында      тұрмаңыз
  • Атыс дыбысы естілген көшеге қарайтын бөлмеге кірмеңіз
  • «102» телефоны арқылы полицияға хабарлаңыз
  • Бөгде адамдарға есік ашпаңыз
  • Көшеге шықпаңыз

Адамдар көп жиналатын орындағы теракт кезінде жүріп-тұру мінез-құлқы

  • Жиын топтан, адамдар топтарынан аулақ жүріңіз
  • Жалғыз жүруге тырысыңыз
  • Тұншығып қалмау үшін мойындағы галстукті (шарфты, орамалды және т.б.) шешіңіз
  • Керексіз заттардан құтылыңыз
  • Диафрагманы қорғау үшін шынтақтарыңызды бүгіп, қолдарыңызды денеге жақын ұстаңыз
  • Киіміңіздің барлық түймелерін салыңыз
  • Жиын топқа қарсы жүрмеңіз
  • Құлап қалсаңыз, басыңызды қолмен қорғап және жерден тез тұруға тырысыңыз

Егер Сізге теракт қаупі туралы қоңырау немесе хат келіп түссе

  • Әңгіменің нақты мазмұнын есте сақтауға тырысыңыз
  • Сөйлеу мәнерін, дауыс ерекшеліктерін, өзгеше сөздер мен сөз орамдарын белгілеңіз
  • Дыбыстық фонды аулауға тырысыңыз
  • Әңгімені диктофонға жазып алуға тырысыңыз
  • Тұтқаны қоймай тұрып, қоңырау түскен телефонның нөмірін жазып алуға тырысыңыз
  • Қауіпсіздік қызмет және құқық қорғау органдары қызметкерлерін дереу хабардар етіңіз
  • Қорқытуы бар хатты басшылыққа көрсетіңіз,
  • басқа қызметкерлерге бермеңіз және хабарламаңыз
  • Полиция қызметкерлерін шақырыңыз

Қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды қалай тануға болады

Жарылғыш құрылғылардың айқын белгілері болып табылады:

Антена, Сагатдыбысы, Сымдар, Батареялар

Күдікті заттар

0101

Жарылғыш құрылғыларды тапқан кездегі әрекеттер:

  • Затқа жақын маңда ұялы телефонды, радиостанцияны қолдануға тыйым салынады
  • Затты қолмен ұстауға, жылжытуға, ашуға тыйым салынады және т.б

Күдікті заттың табылғаны туралы дереу полицияға хабарлаңыз

Мүмкіндік болса затты оқшаулап, бөгде адамдарды жолатпаңыз, полиция қызметкерлерінің келуін күтіңіз

Жарылғыш құрылғыны залалсыздандару тек құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жүзеге асырылады

 

Теракт қаупі төнген жағдайдағы тұрғындардың іс-әрекеті

  • Жедел эвакуацияға дайындалыңыз. Ол үшін сөмкеге құжаттарды, ақша, біраз азық-түлік салып алыңыздар. Ысқырықтың болғаны дұрыс
  • Сырқат және қарт адамдарға эвакуацияға дайындалуға көмектесу. Қылтималар (балкондар) мен лоджиялардан жанар-жағармай және тез жанғыш заттарды алып тастаңыз
  • Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін йод, бинт, мақта және басқа да медициналық құралдарды дайындау. Көршілеріңізбен өзара көмек көрсету туралы келісіп алыңыздар
  • Адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыздар
  • Теледидар мен радиоқабылдағышты әрқашан қосылған жағдайда ұстау
  • Жедел қызметтерді шақыру үшін немесе құқық қорғау органдарына ақпарат беру үшін телефон нөмірлерінің тізімін көзге түсетін жерде ұстау

 

Егер Сізді кепілге алса

  • Қарсылық білдірмеңіз, барлық талаптарды орындаңыз
  • Келіссөзге араласпаңыз, оны өз еркіңізбен жүргізуге тырыспаңыз
  • Егер толық сеніміңіз болмаса, қашуға тырыспаңыз

Террористер туралы көп нәрсені есте сақтауға тырысыңыз: олардың санын, қарулануын, дене бітімдерін, мінез-құлқын, акцентін, сөйлеу мәнерін және т.б

Шабуылдың басталу белгілері:

  • Кенеттен пайда болған дыбыстар (жарылыс, сирена)
  • Келіссөз барысында созылып кеткен іркіліс

Шабуыл басталған жағдайда терезелер мен есіктерден алыс болуға тырысыңыз, қолыңызды желкеңізде ұстап жерге жатыңыз немесе отырыңыз, қолыңызда ешқандай зат болмауы тиіс

070015, Қазақстан спорты, ШҚО, Өскемен қ, Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41
Яндекс.Метрика
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН / 2024
САЙТТЫ ДАЙЫНДАҒАН MSTUDIO.kz

×