ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимиадалық резерв спорт мектебі» КММ
Өскемен қ.,
Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41

Тарихы

Қазақ халқының құрылу процесі негізінен XIV-XV ғасырларда аяқталды. XV ғасырдың ортасында  Қазақ хандығы құрылды. XVI ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының саяси тұрғыда көтеріледі, осы кезде ру аралық қайшылықтар да азайып, мал өсіру және жер шаруашылығының, сауда қатынастарының  өркендеп, Ресей және көршілес мемлекеттермен қарым-қатынас кеңейеді. XX ғасырдың басында Қазақстан аумағы Сырдария мен Жетісу (Түркістан генерал-губернаторлығы, орталығы – Ташкент қ.); Ақмола, Семей, Орал, Торғай (Далалық генерал-губернаторлық, орталығы – Омск қ.); Маңғышлақ-Каспий атырабы; Ішкі (Бөкей) Ордадан (Астрахан губерниясы) тұрды. 1917 жылдың қазанынан  1918 жылдың наурызына дейін совет өкіметі  Қазақстанның қалаларында және ірі тұрғын жерлерінде орнады. Қазақстанның ауылдары мен селоларында совет өкіметін орнату процесі азаматтық соғысқа дейін жалғасқан болатын. Интервенттер мен ақ гвардияшыларды жеңу бейбіт шаруашылық құрылысына көшуге жағдай жасады.  1921 жылдың  наурызында  өндірушілердің өз еңбектерінің нәтижесіне мүдделігі негізінде ауыл шаруашылығын дамуына себепкер болған жаңа экономикалық саясатқа көшу басталды.

1939-1941 жылдары Қазақстан түрлі-түсті металдардың, көмір, мұнайдың өндірісі бойынша, дамыған ауыл шаруашылығы ауданы ретінде үлкен базаға айналады. 1941-1945 жылдары Қазақстан фашист-неміс басқыншыларына қарсы Ұлы Отан соғысы құрама бөлігі болып табылатын екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. Бұл кезеңде Қазақстанның кәсіпорындары  қорғаныс өнімдерін шығаруға ауысады. Батыс және орталық аймақтардан Қазақстанға ірі өнеркәсіп объектілері, мәдениет мекемелері көшіріледі. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы  еңбеккерлерінің қайсар да жанкешті еңбегі көрінеді.  Республика жүз мыңдаған эвакуацияланған адамдарды қабылдады. 1946 жылы елдің экономикасы «бейбіт рельстерге» ауысуы өтеді. Әсіресе, жылдамдаған екпінде құрылыс индустриясы кәсіпорындары, өнеркәсіптердің энергетикалық базалары салына басталды.

1946 жылдың маусымында   Қазақ ССР-нің Ғылым академиясы құрылды. 1954 жылы тың жерлерді жаппай игеру, басқа республикалардан адамдардың келген адамдардың өсуі,  тұрғын үйлердің, мәдени-көпшілік нысандарының құрылысы өседі. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Осы жылдары елдің тәуелсіздігі мен суверенитетін, оның ұлттық қауіпсіздігінің сенімді қорғанысын қамтамасыз ететін мемлекеттілік және демократия институттары  құрылды.

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау өткізілді. Өкіметтің барлық тармақтарының  қарым-қатынасы және олардың үйлестірілген жұмысы қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпияда Комитеті (ҚР ҰОК) 3 ақпан 1990 жылы  ұйымдастырылды және Халықаралық Олимпияда комитеті 1992 жылы наурызда мойындады. 1995 жылы елдің жаңа Конституциясын бекіткен жалпыхалықтық референдум өткізілді, бұның алдында  Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаев  басшылық еткен конституциялық құрылыс бойынша өте зор жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақыттағы әлемдік стандарттардың талаптарымен, сәйкес келетін  заң-құқық базасы әзірленді. Еліміздің басшылығы таңдаған экономикалық дамудың стратегиясының дұрыстығын  өмірдің өзі дәлелді растады. Рубль аймағынан нақты бір тәуелділік жағдайында қазақстан нарығының  алғашқы механизмдері мен саймандары әзірлене басталды. Экономикалық реформаларға шынымен кірісу 1993 жылдың соңында ғана – ұлттық валютамыз – теңге  енгізілген кезде ғана мүмкін бола бастады, толыққанды экономикалық реформалар мен тұрақтандыруды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалды.  Одан кейінгі жылдары банк, бюджет және салық жүйелерін құру жөніндегі мақсатты  бағытталған жұмыстар жүргізіле басталды, жеке меншік енгізілді, кәсіпкерлік өркендей бастады, мемлекет меншігінен шығару және жекешелендіру кезең-кезеңмен жүргізіле басталды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда  100 000 таман жеке кәсіпорындар тіркелген, бұл барлық тіркелген кәсіпорындардың 80% құрайды. Жеке меншік секторында өндірілетін өнімнің 75% өндіріледі және жұмыс жасайтын адамдардың төрттен үші жұмыс жасап жүр.  Жыл сайын өнеркәсіп  14% көбірек, ал экономикалық өсу тұтастай – 10% құрайды. Сыртқы сауда көлемі жартылай, ал экспорт –  70%  астам өсті.  Елге  инвестиция құйыла бастады, ал шетелдік серіктестермен  ұзақ мерзімге шарттар жасалды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев  халыққа 2030 дейінгі Қазақсттың даму стратегиясын  ұсынды, онда елдің ішкі және сыртқы саясатындағы алғашқы кезектегі және  ұзақ мерзімдегі мақсаттары туралы жариялады. Стратегия Үкіметтің қатаң бақылауында болатын қысқа және орташа мерзімдегі жоспарлар мен шаралармен нақтыланады.Еліміздің астанасы Алматы қаласынан қайтадан жарақтандырылған облыс орталығы Ақмола қаласына ауыстырылды. Бүгінгі күні  Астана қаласы деп аталады. Астананы ауыстыруға еліміз үшін маңызды болып саналатын көптеген мақсаттар себеп болды: көптеген экономикалық түрлендірулердің дамуына зор серпіліс берген әкімшлік орталық құрылды,  аймақаралық байланыстар жаңадан құрылды, экономиканың салалары жанданды, мыңдаған жаңа жұмыс орындары пайда болды,  евроазия   идеяларына   негізделген сәулет және қала құрылысында жаңа бағыттар пайда болды.  Үлкен және стратегиялық маңызды аймақтың өмірін байыта түскен жаңа мәдениет, ғылым, білім орталықтары құрылып жатыр.

Алматы – Қазақстанның ірі іскери, қаражаттық, ғылыми, білім және мәдениет орталығы дамып, жақсарып келеді. Елдегі экономиканың көтерілуі негізінде  әлеуметтік, денсаулықты сақтау және білім салаларында  түбегейлі өзгерістер басталды. Жоспар бойынша  бюджет салаларында еңбекақылар, зейнетақылар  өсіп, жәрдемақылар уақытында төленіп жатыр. Тұрғындардың жинақтау банкілерінде салымдары өсіп жатыр. Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасып келеді. Қазақстан өзінің өркендеу жолының басында ядролық держава статусынан бас тартып, дүниежүзінің қауымдастығына  Семейдің түбінде орналасқан әлемдегі ең ірі   ядролық қаруларды сынау полигонын жабу туралы жариялады және әртүрлі мемлекеттер арасындағы өзара пайдалы ынтымақтастықты, жаһандық әрі аймақтық қауіпсіздік стратегиясын  таңдады. Қазақстанның сыртқы саяси доктринасы  әртүрлі мемлекеттермен көп векторлы дипломатияға, байланыстар орнатуға, достық және серіктестік қарыс-қатынасқа, қызметі планета үшін  жалпыға бірдей қауіпсіздік пен бейбіт өмір сүруге бағытталған жетекші халықаралық ұйымдармен өнімді ынтымақтастыққа бағытталған. Қазақстан XXI ғасырға сенімді кірді. Прогрессивті түрлендірулер жолында қомақты алға жылжыды. Еліміздің басшылығының. Қоғамдастығының және халқының барлық ой-мақсаты тұрақтылықты, азаматтық, конфессия  және ұлт аралық келісімді сақтауға,  аумақтың тұтастығын және мемлекеттік шекараның бұзылмауына, экономикалық өркендеуге тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге, дүниежүзі қауымдастығымен және көршілес елдермен пайдалы ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады.

070015, Қазақстан спорты, ШҚО, Өскемен қ, Сатпаев даңғылы, 82/3
8 (7232) 74-23-41

Экран дикторы

Яндекс.Метрика
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН / 2024
САЙТТЫ ДАЙЫНДАҒАН MSTUDIO.kz

×